3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа микрокредит беру туралы шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
4) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы - дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді микроқаржы ұйымына коллекторлық агенттік жəне (немесе) сервистік компания көрсететін жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымының мұндай көрсетілетін қызметтерді үшінші тұлғалардан алуына тыйым салынады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті сотқа дейін өндіріп алу жəне реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау туралы шарт жасасуына жол берілмейді.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда жəне реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақы төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты жəне сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.
10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату
1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қарыз алушыларға микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерді беру туралы шарттарды тиісінше орындамағаны бойынша талап қою мерзімдерінің ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы
1. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестікті қоспағанда) акционерлік қоғамның немесе шаруашылық серiктестiктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Облигацияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберу мақсаттары үшін шығаруды қоспағанда, микроқаржы ұйымына облигациялар шығаруға тыйым салынады.»;
12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Микроқаржы ұйымының құрылтайшылары құрылатын микроқаржы ұйымын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) кезінде оның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн толық төлеуге мiндеттi.
2. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында қайта ұйымдастырған кезде жарғылық капиталды қалыптастыру осы Заңның 25-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мыналар:
1) жеке тұлға үшін:
микроқаржы ұйымы құрылтайшыларының (қатысушыларының) кəсіпкерлік қызметтен, еңбек қызметінен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, ақы төленетін өзге де қызметтен алатын кірістері;
микроқаржы ұйымы құрылтайшыларының (қатысушыларының) құжатпен расталған ақшалай жинақтары жарғылық капиталды төлеу немесе микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша сыйға тарту, ұтыстар, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
Құрылтайшы (қатысушы) микроқаржы ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) сыйға тарту түрінде алынған мүліктің есебінен сатып алған кезде көрсетілген мүлікті сыйға тартушы мен оның сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мəліметтерді ұсынады;
2) заңды тұлға үшін:
кəсіпкерлік қызметтен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер, түсімдер;
осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түріндегі қаражат жарғылық капиталды төлеу немесе микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады.
Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына алып келмейтін жағдайда, қаржы ұйымының активтері акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.
13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микроқаржы ұйымының (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) атауында мiндеттi түрде «микроқаржы ұйымы» деген сөздер немесе «MҚҰ» деген аббревиатура болуға тиіс.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Кредиттік серіктестіктің немесе ломбардтың атауында мiндеттi түрде тиісінше «кредиттік серіктестік» немесе «ломбард» деген сөздер болуға тиіс.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, оның микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратындығын меңзейтін, солардан туындайтын сөздерді немесе аббревиатураларды пайдалануға құқығы жоқ.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау жəне микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар
1. Заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін уəкілетті органға жүгінеді.
2. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға уəкілетті органды, қаржы мониторингін жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органды өзінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы осы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.
3. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін уəкілетті органға «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда, микроқаржылық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуін растайтын құжаттарды ұсынады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, микроқаржы ұйымының тұрған жері өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу кезінде микроқаржы ұйымының біліктілік талаптарына сəйкес келуін тексеру лицензияны қайта ресімдеуге себеп болған негіз микроқаржылық қызмет түрінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне не тұрған жерінің өзгеруіне байланысты жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті микроқаржы ұйымы лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
4. Уəкілетті орган құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруден уəжді бас тартуды береді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі микроқаржы ұйымы клиенттерінің көруіне қолжетімді жерде орналастырылуға тиіс.
5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің мүшелері (бар болса), директорлар кеңесінің мүшелері (бар болса), бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 9-тармағында көрсетілген еңбек өтілінің болуы бойынша мерзімдерді қоспағанда, микроқаржы ұйымының, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың басшы қызметкерлері аталған баптың талаптарына сай келуге тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарға уəкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады).
Директорлар кеңесінің мүшелеріне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қойылатын талаптар байқау кеңесінің мүшелеріне де қолданылады.
Микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда микроқаржы ұйымы уəкілетті органның талабы бойынша оларды қызметтен шеттетеді.
6. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.
Жеке-дара атқарушы орган бір адамнан тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды.
Мынадай:
1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын;
2) тізбесін уəкілетті орган белгілейтін офшор аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар;
3) уəкілетті орган микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 7) жəне 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын осы микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылатын;
4) уəкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы жəне (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған не болып табылатын;
5) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес айқындалған бенефициарлық меншік иесі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар заңды тұлға болып табылатын тұлға микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.
7. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) атқарушы органның басшысы, байқау кеңесінің басшысы (бар болса), микроқаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы (бар болса) лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымына кандидаттар үшін кемінде бір жыл;
2) байқау кеңесінің мүшелері (бар болса), директорлар кеңесінің мүшелері (бар болса), атқарушы органның (алқалы) мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
3) бас бухгалтер лауазымына кандидаттар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Кредиттік серіктестіктің жəне ломбардтың басшы қызметкерлері үшін осы тармақта көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
8. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында белгіленген тəртіппен басшы қызметкерлерді тағайындаған (сайлаған), басқа лауазымға ауыстырған немесе олармен еңбек шартын бұзған (өкілеттіктерін тоқтатқан) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың құрамында болған өзгерістер туралы уəкілетті органды хабардар етеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы.
2. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы немесе өкілдігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың құрылғаны туралы уәкілетті органды:
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куəландырған көшірмесін;
2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4) филиалдың үй-жайы орналасқан мекенжай көрсетілген филиалдың үй-жайлары туралы мəліметтерді (бар болса) қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Микроқаржы ұйымы филиалының микроқаржы ұйымымен бірыңғай балансы және микроқаржы ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
Микроқаржы ұйымының филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекенжай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
Микроқаржы ұйымының астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналасқан филиалы бірнеше мекенжай бойынша:
астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;
астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.
4. Микроқаржы ұйымының өкілдігі микроқаржы ұйымының атынан және тапсыруы бойынша әрекет етеді және микроқаржылық қызметті жүзеге асырмайды.
5. Филиал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннің немесе микроқаржы ұйымының тиісті органы микроқаржы ұйымының жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түрінде санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы микроқаржы ұйымының филиалдар құруының, жұмыс істеп тұрған филиалдарының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті шарты болып табылады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Филиал, өкілдік туралы ережелерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережелерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының микроқаржы ұйымының хатын қабылдағаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уəкілетті органға микроқаржы ұйымының көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің жəне (немесе) толықтырулардың нотариат куəландырған көшірмелерін қағаз жеткізгіште не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынуға міндетті.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Микроқаржы ұйымы филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе микроқаржы ұйымы филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, микроқаржы ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымы уəкілетті органға микроқаржы ұйымы органының қабылданған шешім туралы шешімінен микроқаржы ұйымы филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайларын қамтитын үзінді көшірмені қоса бере отырып, жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабарлама ұсынуға міндетті.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы жəне (немесе) өкілдігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уəкілетті органды микроқаржы ұйымы филиалының жəне (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етуге тиіс.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Уəкілетті орган осы баптың 2, 3, 4, 5 жəне 7-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда микроқаржы ұйымының филиалын не үй-жайын немесе өкілдігін жабуды талап етеді.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту негіздері
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;
2) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) егер микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу туралы өтініш жасамаған;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) осы Заңның 11, 12, 13-баптарында, 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;
5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі сақталмаған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш беру үшін осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тарту алынған жағдайда, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін лицензия алуға өтініш пен өзге де құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.